Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу
бойынша әдістемелік
ұсынымдарға
4-қосымша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1. |
Шетелдік жұмыс күші және көші-қон бөлімінің басшысы |
Жоғары біліктілігті мамандарға шетелдік шұмыс күшін тартуға рұқсат беру
|
«Шетел жұмыс күші» автоматтандырылған ақпараттық жүйеде «Е-өтініш» азаматтардың өтініштерін қабылдау және өндеудің бірыңғай платформасына ұқсас рұқсат беру/ұзарту ресімдеу үшін алым сомасын растайтын құжаттарды ұсыну мерзімінің аяқталуы туралы хабарлама жүйесін орнату қажет. |
|
2. |
Мүгедектігі бар адамдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы |
Мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектердi техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастырады; |
Өнім берушіге ақы төлеу осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің сүйемелдеу парағын (бұдан әрі-ақы төлеуге арналған құжаттар) қоса бере отырып, өнім беруші ұсынған орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актісі негізінде ай сайын нақты көрсетілген уақыт үшін жүзеге асырылады. Бұл ретте нақты көрсетілген бақылау немесе мониторинг жоқ. |
|
3. |
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді үйлестіру бөлімінің басшысы |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
|
Қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы стационарлық үлгідегі ұйымдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге рәсімдеу кезінде өтініш берушінің еңбекке қабілетті кәмелетке толған балалары, жұбайы (зайыбы) бойынша фактілер нақты ақпарат көзінен алынбағандықтан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін |
|
4. |
Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді үйлестіру бөлімінің басшысы |
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін дамыту жөнінде шараларды қабылдайды; |
Уәкілетті органның әлеуметтік қызметкерлерге аттестаттау өткізуі, олардың әлеуметтік қызметкелермен тікелей байланыста болуына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызуы мүмкін. |
|
5. |
Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы |
Қаржылық есептің дұрыс, уақытында сапалы және есеп үрдісі негізінде нормативтік актілер мен бухгалтерлік есепті жүргізілу ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету.
|
Бағынысты мекемелердегі Қамқорланушылардың зейнетақы мен жәрдемақыларынан ұсталатын ақшаны уақытша орналастыру есеп шотындағы қаражаттан сатып алынатын мүліктерді есепке алу қағидаларын айқындау мәселесі. Есепке алынбаған жағдайда бухгалтерлік есепті бұрмалау бойынша ҚР ҚР әкімшілік-процессуалдық кодексінің 238 бабының 1 тармақ 2 тармақшасы бойынша бұзушылыққа әкеледі. |
|
6. |
Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы |
Басқарма талаптарын және жұмыс тиімділігін арттыру негізінде қаржылық жоспарлау жұмыстарын атқару, шаруашылық есептілік, басқарманың қаржылық, материалдық ресурстарын үнемді және мақсатты пайдалануды бақылау; |
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-ҮІ «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 36-бабын бұза отырып, мекеменің дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдер сомасы бар екені анықталды. |
|
7. |
Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы |
Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша жұмыстарды жүзеге асыру |
Батыс Қазақстан облысы бойынша «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық талдау жүйесі арқылы сатып алу жоспарларындағы баға өсіру фактілері анықталды. |
|
8. |
Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы |
Жергілікті бюджет қорлары және республикалық бюджет қорлары бойынша бюджеттік өтінімді даярлау және ай сайын Министрлікке есеп дайындау. |
Бағынысты мекеме басшыларының жемқорлыққа жол бермеу жолдарын алдын-алу мақсатында мемлекеттік сатып алуды бір көзден сатып алу тәсілдері барынша келісім шарт жасауға жол бермеу. |
|
9. |
Жұмыспен қамту бөлімі |
Құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк саясатты және нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы iс-шараларды iске асырады; |
«Е-Собес» ақпараттық жүйесі, Басқа мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялап, ақпараттық жүйеге автоматты түрде алушылардың тізімдердін қалыптасуын енгізуді ұсыну қажет. Себебі толық емес, жалған ақпаратты ұсынуы мүмкіндігін туғызады. |
|
10. |
Жұмыспен қамту бөлімі |
Жеке кәсiпкерлiктi, шағын және орта бизнестi дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын ашуды қолдауды жүзеге асырады; |
«Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі Ақпараттық жүйеде жұмыссыз ретінде тіркелген адамның жеке кәсіпкер екендігі көрінеді де шаруа қожалығы (КХ) және ЖШС-і (ТОО) бар екендігі көрінбейді. Сол себепті кей адамдар жұмыссыз ретінде тіркеліп кетіп жатыр. |
|
Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының бағынысты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары |
|||
|
11. |
Шапағат арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы |
Персоналды басқару қызметі |
Шапағат арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жыл басынан бастап бос орындар лауазымдарына конкурс жарияланбаған. |
|
12. |
Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы |
Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет |
Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қызмет алушыларға алынған киімдері арматуралық картаға уақытылы белгіленбеген. |
|
13. |
Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы |
Медициналық қызмет |
Дариян арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы Қызмет алушылардың медициналық картасы невропатолог дәрігермен (қызмет алушылар Н.Туктанова, А.Хайрова, Е.Сабиев), психиатр дәрігермен (қызмет алушы Е.Сабиев) уақытылы толтырылмаған. |
|
14. |
Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы |
Әлеуметтік-медициналық қызмет |
Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызмет алушысы И.Сунаковтың міндетті гигиеналық құрал оның ішінде бір реттік жаялықпен уақытылы қамтамасыз етілмеген. |
|
15. |
Ақсай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы |
Әлеуметтік-медициналық қызмет |
Ақсай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бойынша Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша мекеме қызмет алушысы Н.Пасичник 2022 ж гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілмеген. |
|
16. |
Ақсай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы |
Медициналық қызмет |
Қызмет алушылардың медициналық картасында психиатр дәрігер тағайындауы уақытылы, сапалы толтырылмаған. |
|
17. |
Ақсай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы |
Әлеуметтік-медициналық қызмет
|
Қызмет алушы А.Бисембаев медициналық-әлеуметтік сараптамадан кешіктіріліп өткізілген. |
|
18. |
Ақсай арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы |
Әлеуметтік-экономикалық қызмет
|
Қызмет алушы А.Бисембаевтың мүгедектігі мен асыраушысынан айырылғаны үшін берілетін жәрдемақысы кешігіп түскен. |