«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес 2024 жылғы 3 наурыз күніне өкілеттігі аяқталуына байланысты Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ардақ ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады, мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Күйгенкөл ауылдық округі әкімінің, Тасқала аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Амангелді ауылдық округі әкімінің және Шыңғырлау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Шыңғырлау ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.