Меню

Страницы

Статья

Теректі ауданына жұмыс сапары

 

Ағымдағы жылдың 22 қаңтары күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенконың Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданына жұмыс сапары ұйымдастырылды.  

Жұмыс сапары барысында бірқатар нысындарға, атап айтқанда Юбилейная ауылындағы Госплемстанция жалпы білім беретін мектебіне, Барбастау ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке, сондай-ақ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Подстепное ауылында салынып жатқан 1200 орынды мектеп құрылысына бару жүзеге асырылды. Аталған нысандарды облыстық, қалалық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері басқарады.

Содан кейін Іскер әйелдер кеңесінің өкілдерімен кездесу болып өтті, оның барысында қатысушылар кәсіпкер әйелдер өндіретін тауарлар көрмесімен танысып, ауылда әйелдер кәсіпкерлігін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Е.И.Тарасенко қазіргі уақытта әйелдер бизнесі, жеке кәсіпкерлігі үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар нақты ашылып жатқанын атап көрсетті. Сондай-ақ ол көшбасшы әйелдердің саясаттағы, экономикадағы, жалпы алғанда қоғамды, соның ішінде ауылдық аумақтарды дамытудағы рөлін ерекше атап өтті. Теректі ауданының әкімі  Ә.Б.Мұханбетжанова осының толық дәлелі болып табылады.

Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Л.А.Турсынова мемлекет тарапынан қолдау механизмдеріне, гранттар мен оқытуларға, сондай-ақ сертификаттауға, жеңілдікті несиелеу қажеттіліктеріне, «Бір ауыл-бір өнім» жобасын іске асыруға баса назар аударды. Ол «әйелдер кәсіпкерлігі – отандық бизнестің маңызды күретамыры екендігін, мұндай бизнесте тәртіп, жауапкершілік және ұжымға қамқорлық жасау орын алатынын» атап көрсетті.

Талқылау барысында макроэкономикалық трендтер, ауылда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту құралдары мәселелері көтерілді. Қорытындылары бойынша ұсынбалар берілді.

 

 

Дата публикации
23 января 2024
Дата обновления
23 января 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы