Меню

Страницы

Статья

Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың алдын алу

 

Облыстағы криминогендік жағдайды сауықтыру, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 15-26 қаңтар аралығында облыс аумағында "Тұрмыс" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Оған облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының өкілдері де қатысады.

3 күннің қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына ІІО-ның есебіне 59 азамат қойылды. Бұдан басқа, алкогольге тәуелділігі бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу туралы қарау үшін сотқа 2 материал жіберілді. Алкогольді ішімдіктерді ішу, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасау, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру сияқты ұсақ құқық бұзушылықтардың жолын кесу жұмыстары күшейтілді. Тұрмыстық зорлық – зомбылық фактілері бойынша бір қатар шаралар атқарылды: 99 қорғау ұйғарымы шығарылды, құқық бұзушының мінез-құлқына 32 ерекше талап қойылды, оның ішінде 27-сі алкоголь ішуге тыйым салынды. Отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзушылық жасағаны үшін 88 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесіп медициналық мекемелерде тұрмыстық зорлық-зомбылық объектілеріне айналған азаматтардың өтініштерін анықтау бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Жедел-профилактикалық іс шара  жүргізу барысында өмірлік қиын жағдайға тап болған 12 отбасы анықталды. Отбасыларға мемлекеттік органдар мен ұлттық емес үйымдар тарапынан қажетті көмек ұйымдастырылды. Қала және аудан әкімдіктері жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға 8 материал жолданды.

 

Дата публикации
23 января 2024
Дата обновления
23 января 2024
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы