2023 жылдын 4 тоқсанында 1 аудит объектісінде аудиторлық іс-шара өткізіліп, қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталмады («Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық кардиологиялық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны), 1 – жүргізіліп жатқан аудиторлық іс-шара мемлекеттік аудит жүргізуге қажетті құжаттар табыс етілмеуіне байланысты, жүргізуге кедергі келтіретін себептер толық жойылғанға дейін тоқтатылды («Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі). Аудиторлық іс-шара мемлекеттік аудитті жүргізуге кедергі келтіретін себептер толық жойылғаннан кейін жалғастырылады.
Сонымен бірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінен «Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Раздольное ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесіне қатысты аудиторлық тексеру жүргізу туралы келіп түскен хат негізінде, тексерілетін сұрақтарды алдын-ала зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда. 2023 жылдың 4 тоқсанында жүргізілген талдау қорытындысы бойынша бюджет әкімшілеріне 2 хат, ішкі мемлекеттік аудит комитетіне қолданыстағы заңнамаға 2 ұсынба жолданды.
Ішкі аудит қызметімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (№4 үлгілік базалық бағыт) жұмыс тобының құрамында жұмыс атқарылуда. 4 тоқсанда 5 объектіде 4 бағыт бойынша талдау өткізілді.
ІАҚ