2023 жылғы 16-17 қараша аралығында Батыс Қазақстан облысынан келген делегация "Орнықты даму басымдықтарын қалыптастырудағы ауыл әйелдерінің рөлі"тақырыбы бойынша алтыншы республикалық ауыл әйелдері форумына қатысты. Форумды ұйымдастырушылар – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы және Халықаралық Coca-Cola қоры қолдауымен «Жасыл экономика және G-Global даму коалициясы» қоғамдық қорымен бірлесе.Форум ауылды дамытудың түрлі бағыттарының өкілдері үшін тәжірибе алмасу, оқыту және марапаттау алаңына айналды.