2023 жылғы 27-29 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слеті және туристік-өлкетану бағыты мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен және өңірдің білім басқармасының Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының белсенді қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы Іс-шараны ұйымдастырды.