Меню

Страницы

Статья

Инспекция труда

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармасы

 

р/с

№

Ұсыным

Іс-шара

Іс-шараны аяқтау нысаны

Орындаушылар

Іс-шараны орындау мерзімі

1

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87-бабының 2-тармағына сәйкес, жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеу, сол сияқты жұмыс берушінің кінәсінан төлемді кешіктірген кезеңі үшін өсімпұлды есептемеу және төлемеу фактісі бойынша iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Алайда, Басқарманың мемлекеттік еңбек инспекторы «Батыс су арнасы» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттама толтыру кезінде 318 000 теңге айыппұл салынған, ал 2022 жылғы жағдай бойынша 200 айлық есептiк көрсеткiш 306 300 теңгені құрайды.

Сөйтіп, Басқарма қызметкері «Батыс су арнасы» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру барысында айыппұл мөлшерін негізсіз көтеріп, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берген.

Жауапы қызметкерлерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша құқықтық оқыту ұйымдастыру

 

Хаттама

Ж. Ерзаков

15 шілде 2023 жыл

2

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді және (немесе) арнайы тергеп-тексеруді жүргізу нәтижелері актісінде жазатайым оқиғаның себептерін жою үшін ic-шаралар мен мерзімдер көрсетіледі.

Алайда, еңбек инспекторларының өткізілген ic-шаралар бойынша берілген ақпараттың дұрыстығын, оның орындалуын тексеруге заңды құқығы жоқ.

Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады

ҚР Еңбек жане халықты әлеуметтік қорғау министірлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне ҚР Кәсіпкерлік Кодексінің 144 бабының             5 тармағына келесі жаңа тармақшаны енгізу қажеттігі туралы ұсыныс жолдау:

144-баптың 5-тармағының жаңа                                     9-тармакшасы:

Бақылау және қадағалау субъектілерін жоспардан тыс тексерудің негіздері:

9) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актсінде және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісінде белгіленген іс-шаралардың орындалуын бақылау

Ұсыныс хат

А. Лукпанов

 

15 шілде 2023 жыл

 

3

Жергілікті еңбек инспекциясы органы әлеуметтік серіктестіктің тарабы болып табылмайды.

Бірақ еңбек заңнамасының сақталуын тексеру парақтарында және  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 97-бабында мемлекеттік еңбек инспекторлары Келісім нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және кінәлі адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға құқылы деген нормалар бар. Алайда, мемлекеттік еңбек инспекторларына облыстық және салалық келісімдердің нормаларын сақтау бойынша тексеру жүргізуге кедергі келтіретін жағдайлар да орын алып отырады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне                       ҚР Еңбек кодексінің 154-бабының                     6-тармағына мынадай өзгеріс енгізу қажеттігі туралы ұсыныс жолдау:

Келісімдердің орындалуын бақылауды әлеуметтік әріптестік тараптары, сондай-ақ еңбек заңнамасы саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

 

Ұсыныс хат

Д. Қалел

15 шілде 2023 жыл

4

Салықтарды есептеу және аудару кезінде және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 36-бабы нормаларының, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы №393 «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы нормаларының  бұзылуы анықталды

Салықтарды артық төлеу сомасы алдағы уақытта төлемдерді есепке жатқызу жолымен сәйкес келтіруге не мекеменің есеп айырысу шотына қайтару, ал басқа міндетті төлемдер бойынша ұстап қалу жүзеге асырылған тұлғалар бөлігінде реттеу үшін алу

Есеп айырысу

Ж. Ерзаков

20 шілде 2023 жыл

5

Мемлекеттік еңбек инспекторларының әкімшілік хаттаманы электронды түрде тіркеуі мақсатында Басқармаға  5 электронды планшет және 5 термопринтер сатып алынған.

Планшеттерді пайдаланбау бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына әкелу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол беру мүмкін.

 

Қолданыстағы заң талаптарына сәйкес, планшеттерге байланыс қызметтерін сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу жүргізілсін.

 

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру

Ж. Ерзаков

20 шілде 2023 жыл

6

ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес, шағымды әкімшілік тәртіппен (сотқа дейінгі) қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам жүргізеді.

Жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам болмаған жағдайда, әкімшілік актіге, әкімшілік әрекетке (әрекетсіздікке) сотқа шағым жасалуы мүмкін.

            Алайда, Басқарма өтініш иелеріне берген жауаптарында осы Кодекстің талаптарын сақтамай, шағымды әкімшілік тәртіппен (сотқа дейінгі) қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам немесе сотқа шағым жасау құқықтары түсіндірілмеген.

Азаматтардың өтініштерін қарайтын жауапты мамандарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша құзыретті органдардың қатысуымен оқыту ұйымдастыру

 

хаттама

Ж. Ерзаков

20 шілде 2023 жыл

 

Дата публикации
13 ноября 2023
Дата обновления
13 ноября 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

19 октября 2026
Об итогах выборов акимов 18.10.2026
19 октября 2026
Составы, места нахождения и время работы  участковых избирательных комиссий ЗКО
19 октября 2026
Места нахождения и границы избирательных участков ЗКО

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы