|
№ |
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар |
Ұсынымды орындау нысаны |
Уәкілетті органның ұстанымы
*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда |
Орындау мерзімі |
|
1 |
Басқармадағы қаржы-экономикалық бөлімінде бас маман лауазымының декреттік уақытына байланысты 2022 жылдың 11 тамызынан уақытша бос лауазымы бар. Лауазымның ұзақ мерзімі бос болуы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудырады.
|
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға конкурс жариялау жөнінде облыс әкімі аппаратына ұсыным жолдау. |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне хат жолдау |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігіне хат жолдау |
2023 жылғы қыркүйек айы |
|
2 |
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңның 21-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді көрсетілген қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі мен оларды толтыру нысандары үлгілері ақпараттық стендта толық орналастырылмаған. Яғни, қызмет алушының толық ақпарат алмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады. |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі нысандары үлгілері ақпаратты стендта толықтай орналастыру. |
Басқарманың және бағынысты мекемелердің көрнекті жерінде стенд орналастыру |
Басқарманың және бағынысты мекемелердің көрнекті жерінде стенд орналастыру |
2023 жылғы қазан айы |
|
3 |
Басқармаға бағынысты мекемелерде азаматтық қызметшілердің арасынан аттестаттаудан өтпеген азаматтық қызметшілер бары анықталды. Қызметшілердің оларға жүктелген функционалдық міндеттерін орындау қәбілетінің, кәсіби даярлық деңгейінің уақытылы аттестатталмауы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады. |
Дене шынықтыру және спорт саласындағы азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидаларына сәйкес басқармаға бағынысты мекемелерде азаматтық қызметкерлердің арасынан аттестаттаудан өтпеген азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу |
Аттестаттау парағы |
Бағынысты спорт ұйымдарының азаматтық қызметшілері |
2023 жылғы қазан айы |
|
4 |
Азаматтық қызметшілердің штат кестесіне талдау жүргізілді, оның қорытындысы бойынша «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 123 «Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» бұйрығын бұза отырып, мекеме «Әкімшілік персонал» С-2 блогына «мұрағатшы» лауазымын жатқызғаны анықталды. |
Қазақстан Республикасының еңбек ақысы заңнамасынын оқытуды ұйымдастыру |
Жауапты мамандарды оқытуға жолдау |
Ұсыныс хат |
2023 жылғы қараша айы |
|
5 |
Кәсіпорындарда 2022,2023 жылдары уәкілетті орган — Дене шынықтыру және спорт басқармасының келісімінсіз директордың орынбасарына және бас бухгалтерге сыйлықақы төлегені анықталды, бұл «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 138-бабы 3-тармағын бұзу болып табылады. |
Басқармаға бағынысты барлық спорт ұйымдарының жауапты қызметкерлеріне аталған заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Басқармаға бағынысты барлық спорт ұйымдарының жауапты қызметкерлеріне аталған заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Хаттама жазу |
2024 жылдың І тоқсаны |
|
6 |
Кәсіпорындарда негізгі құралдардың сақталуын және есепке алынуын қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарын бекіту туралы» 2007 жылғы 23 мамырдағы №185 бұйрығын бұзушылықтар орын алған.
|
Басқармаға бағынысты барлық спорт ұйымдарының жауапты қызметкерлеріне аталған заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Басқармаға бағынысты барлық спорт ұйымдарының жауапты қызметкерлеріне аталған заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Хаттама жазу |
2024 жылдың І тоқсаны |
|
7 |
Кәсіпорындарда «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы NS 120-VI Кодексінің 36-бабын (Салық міндеттемелерін орындау) бұза отырып, кәсіпорынның дербес шоттарында мемлекеттік кірістер органдарында салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша артық төлемдер мен берешек сомалары бар екені анықталды.
|
Басқармаға бағынысты барлық спорт ұйымдарының жауапты қызметкерлерін қаржы саласы бойынша оқытуға жолдау |
Оқығандары туралы сертификат |
Ұсыныс хат |
2024 жылдың І тоқсаны |