Меню

Страницы

Статья

БҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ТІЗІЛІМІ

 

№

Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде ұсынымдар

Ұсынымды орындау нысаны

Уәкілетті органның ұстанымы

 

*Ұсынымда басқа мемлекеттік органға жіберген жағдайда

Орындау мерзімі

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» Қағидаларына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес тауарөндірушілер өтінім тапсырған кезде өтінімінде малды сатып алу-сату шартының электрондық көшірмелерін, құнның толық төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмелерін (ел ішінен сатып алған жағдайда: электрондық шот фактура/төлем тапсырмасы/банктен үзінді-көшірме/бақылау-кассалық аппараттың чектері/кіріс кассалық ордер) және т.б. құжаттарды тіркейді. Яғни қазіргі таңда өтінімдерді қарауға бұрынғыдан да көп уақыт жұмсалады және де бұл мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзылуына әкелу қаупі бар. Бұл ретте мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламасы бойынша жылына 8,0 мыңға жуық өтінім түседі.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін ұзарту мүмкіндігін қарастыру.

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдап жауабын алу

 

Қыркүйек 2024 жыл

 

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау Қағидаларына енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес төлемге арналған шот-фактуралар әр өтінім бойынша
бір-бірден қалыптастырылады. Бұл өз кезегінде көп уақытты талап етеді және мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне әсер етеді.

Субсидиялау ақпараттық жүйесінде (САЖ) қанағаттандырылған өмінімдердің төлемге арналған шот-фактураларын бір мезетте қалыптастыру мүмкіндігін қарастыру

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдап жауабын алу

 

Қыркүйек 2024 жыл

 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2018 жылғы 23 шілдедегі № 317 «Инвестицияылық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларына» сәйкес инвестициялық  жобаларға берген өтінімдерді жергілікті атқарушы органдағы жауапты мамандардың шешім шығаратындығы белгілі.

Жобалық-сметалық құжаттамаларды талап ететін (№ 1-паспорттан басқа) инвестициялық жобаларға қатысты өтінімерді кәсіпкерлер палатасының, мәслихат депутаттарының, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жобалық кеңсе (адалдық алаңы) өкілдерінің қатысуымен комиссиялы түрде қарау

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне хат жолдап жауабын алу

 

Қыркүйек 2024 жыл

 

 

 

Дата публикации
13 ноября 2023
Дата обновления
13 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы