Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы:
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы
|
№ р/с |
Сыбайлас жемқорлық тәуекеліне шалдыққан лауазым |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар лауазымдық өкілеттіктер |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері |
|
1 |
Мемлекеттік сәулет құрылыс инспекциясы бөлмінің басшысы М.Бердигалиев
|
сәулет-құрылыс бақылау және қадағалауды жүзеге асыру кезінде |
Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын сақтамау тәуекелдері |
|
2 |
Мемлекеттік сәулет құрылыс инспекциясы бөлмінің басшысы
|
бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде |
Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол берілген. Мысалы, Басқарма мекенжайына аз. Силичева Снеженна Павловнаның 2023 жылғы 5 қазандағы Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 158 үй, 37 пәтер мекенжайы бойынша орналасқан пәтердің қайта жоспарлау бойынша жүгінімі қарастырылды. Басқармамен аталмыш жүгінімді қарастыру барысында жүгінім иесіне өтінішті ӘКРК-нің және кәсіпкерлік кодекстің талаптарына сәйкес келтіру (КК-нің 144-бабы 5-бөлігінң 3)-тармақшасы. Сенімді негіздер және растайтын дәлелдемелер болған кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары жоспардан тыс тексеріс тағайындауға негіз болып табылады) туралы хабарландырылды. Басқарманың жауабымен келіспеген аз. Силичева С.П. ӘРПК-нің 91-бабына сай жоғары тұрған әкімшілік орган мекенжайына шағыммен жүгінді. Осыған ұқсас «Beta Services» ЖШС-нің директоры Б.Шкановтың 2023 жылғы 29 қарашадағы жүргізіліп жатырған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына қатысты жоспардан тыс тексеріс тағайындау туралы жүгінімі қарастырылды. Алайда өтінішке бұзушылықтарды растайтын және оны дәлелдейтін дәлелдемелер тіркелмеген. Осыған орай аталмыш өтініш Басқарма тарапынан өтініш иесіне нақты растайтын дәлелдемелер мен сенімді негіздемелер болмауына байланысты өтініш иесіне қайтарылды. Бұл өз кезегінде өтініш берушілердің кәсіпкерлік кодексінің тексеріс тағайындау жұмыстарының тәртібімен таныс болмауының дәлелі болып табылады. |