Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.
- Жалпы ақпарат
2023 жылдың 9 айында 2 976 799 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 2 328 (0,1%),
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 91 128 (3%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны – 1 803 134 (60,6%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 080 209 (36,3%).
Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны: 161 734
- egov.kz портал арқылы – 122 988
- elicense.kz порталы – 18 089
- Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы – 20 657
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 88 597
- ИСС – 5 398
- ИС Е-Собес – 15 868
- ИС Рынок труда – 26 682
- ИС ЗАГС – 3 262
- E-Qazyna.kz – 129
- ИС Е-акимат – 1 329
- kezekte.kz – 674
- «Электронная биржа труда» /енбек кз – 29 085
- Е-халык – 2 058
- Социальная помощь – 1 499
- kz – 2 502
- Baspana market – 111.
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 48.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 410, оған
70 604 тұрғын тартылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 137 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.