Меню

Страницы

Статья

Күнтізбелік жоспар

Батыс Қазақстан облыстық

 аумақтық сайлау комиссиясының

2020 жылғы 12 маусымдағы

№ 3 қаулысымен бекітілген

 

2020 жылғы 12 тамызға тағайындалған  

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

күнтізбелік жоспары

 

1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына  кандидаттарды (бұдан әрі – Парламент Сенатының депутаттығына кандидат) ұсыну.

 

Облыстық,  аудандық, қалалық мәслихаттар мен азаматтар өзін-өзі ұсыну тәртібімен.

Сайлау тағайындалған күннен кейінгі келесі күні –          13 маусымда басталады және 12 шілдеде  жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

                                                           (71-б. 1, 2-т.т.)

2. Таңдаушылардың тізімдерін жасау  

 

 

Облыстық аумақтық  сайлау комиссиясы облыстық   мәслихат хатшысының ұсынуы бойынша.

Сайлау тағайындалғаннан кейiн.

(24-б. 9-т., 25-б. 2, 3-т.т.)

 

3.                 Парламент Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну туралы шешімді кандидаттың назарына жеткізу, сондай-ақ шешімді, кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен қоса, тиісті облыстық сайлау комиссиясына жіберу.

 

Облыстық,  аудандық, қалалық мәслихаттар.

Ұсыну кезеңінде.

(71-б. 4-т.)

4. Бұқаралық ақпарат құралдарында облыстық сайлау комиссиясының құрамын жариялау.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей – 22 маусымнан кешіктірмей.

                                                                (13-б.  4-т.)

5. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында
(бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау.

 

Облыстық аумақтық  сайлау комиссиясы.

Қажетті құжаттарды алғаннан кейін үш күн ішінде.

(4-б., 70-б., 71-б. 6-т.)

6. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиялары.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап.

(14-б. 5) т., 31-б.)

7. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарға таңдаушылардың  қолдарын жинау үшін қол қою парақтарын беру.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеру аяқталған күннен бастап үшкүндік мерзімде.

 (71-б. 6-т.)

8. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың растығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу.

 

Облысты аумақтық сайлау комиссиясы паспорт қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып.

Облыстық сайлау комиссиясына қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін бескүндік мерзімде.

         (72-б. 6-т.)

9. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күніне – 2020 жылғы 1 маусымға кірістері мен мүлкі туралы  декларациялар ұсыну.

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).

Кандидат тiркелгенге дейін.

(73-б. 2-т.)

10. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған кірістері мен мүлкі туралы мәлiметтердiң растығын тексеру.

 

Мемлекеттік кіріс органдары.

Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішiнде.

(73-б. 2-т.)

11. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (бұдан әрі - Ортсайлауком) шотына депозит ретінде заңнамамен белгіленген ең төменгі жалақының
он бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі.

 

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар.

Тіркеуге дейін, Қазақстан Республикасының Конституциясында және Сайлау туралы Конституциялық заңында қойылатын талаптарға кандидаттың сәйкестігі тексерілгеннен кейін,
сондай-ақ оны қолдап жиналған қолдар тексерілгеннен кейін.

(73-б. 2-т.)

12. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Барлық қажетті құжаттар алынғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда –
23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады.

(14-б. 5) т., 73-б.)

13. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Кандидаттар тіркелгеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей.

(14-б. 5) т., 73-б. 6-т. 2) т.)

14. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Парламент Сенатының депутаттығына кандидат тіркелгеннен кейін.

(34-б. 6-т.)

15. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу.

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

23 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізден кейін басталады және 11 тамызда нөл сағатта аяқталады.

(27-б. 2-т.)

16. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі таңдаушылардың тізімдерін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы танысу үшін ұсыну, сондай-ақ облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыру.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиялары.

Сайлауға дейін кемінде жеті күн қалғанда –
4 тамыздан кешіктірмей.

(26-б. 2-т.)

17. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру уақытын айқындау.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

 (38-б. 4-т.)

18. Дауыс беруге арналған пунктті ашу.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын.

(40-б. 2, 4-т.т.)

19. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөнінде дауыс беруді өткізу, дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелерін жария ету.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Бір күннің ішінде.

(14-б. 5) т., 38-б. 4-т., 41-б., 42-б., 43-б., 77-б., 78-б.)

20. Парламент Сенатының депутатын сайлау жөніндегі таңдаушылардың бірлескен отырысының хаттамасын  жасау және оны тиісінше облыстық  сайлау комиссиясына тапсыру.

 

 

Облыстық мәслихатының хатшысы.

Дауыс беру күні –  12 тамыз.

(77-б. 7-т.)

21. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттамаларды жасау және Ортсайлаукомға ұсыну.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау өткізілген күннен бастап екікүндік мерзімнен асырмай – 13 тамыздан кешіктірмей.

(14-б. 5) т., 78-б.)

22. Парламент Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау.

 

Ортсайлауком.

Сайлау өткізілген күннен бастап жетікүндік мерзімнен кешіктірмей – 18 тамыздан кешіктірмей.

(12-б. 10) т., 44 -б. 1-т.,  81-б. 1-т.)

23. Парламент Сенатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Ортсайлауком.

Сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей – 21 тамыздан кешіктірмей.

(12-б. 10) т., 44 -б. 4, 5 -т.т.)

24. Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттардың тиісті облыстық  сайлау комиссиясына өз сайлау қорының қаражатын пайдаланғаны туралы есеп беруі.

 

Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар.

Сайлау қорытындылары анықталғаннан кейiн бес күннен кешіктірмей.

(34-б. 9-т.)

25. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.

Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейін он  күннен кешіктірмей.

(34-б. 4-т.)

26. Парламент Сенатының сайланған депутаттарын тіркеу, тиісті куәлiк пен белгiленген үлгiдегi омырауға тағатын белгi тапсыру. 

 

Ортсайлауком.

Сайланған Сенат депутаттарынан жетiкүндік мерзiм iшiнде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес Парламент Сенаты депутатының мәртебесiмен сыйыспайтын өз мiндеттерiн доғару туралы жазбаша өтiнiшiн алғаннан кейiн.

 (45-б., 46 -б. 2-т., 82-б.)

 

         

 

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.         

Дата публикации
16 июня 2020
Дата обновления
16 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы