Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің 2023 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысының нәтижесі туралы ақпарат

 

2023 жылдын 3 тоқсанында 2 аудит объектісінде аудиторлық іс-шара өткізіліп, жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 1598,2  мың теңге қаржылық, 13142,5 мың теңге процедуралық бұзушылықтар анықталды (Батыс Қазақстан облысы  әкімдігі білім басқармасының «Жаңақала ауданының білім беру бөлімі» ММ, «Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау бойынша басқару қызметі» КММ).

Аудиторлық іс-шаралардын қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектісіне облыс әкімінің бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы 2 шешімі тиісті шара алу үшін жолданды. Шығарылған ұсынбалар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

           Аудит объектісінде келесі заңнамалардын бұзушылықтары және кемшіліктері анықталған:

  • бухгалтерлік есеп;
  • жалақы есептеу және төлеу;

Аудитпен  анықталған бұзушылықтардын негізгі себептері, бөлімше басшыларының тарапынан тиісті қадағалаудын және жұмысты ұйымдастырудағы жіберілген қателіктері, аудит объектісінің лауазымды тұлғалары  біліктіліктерінің төмендігі, ішкі қадағалау жүйесінің әлсіреуі болып табылады.

Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында қаржылық тәртіпті қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін үнемі оқып білуге, қызметтік және өндірістік талаптарды орындауға бағытталған тиісті шараларды алу жөнінде ұсынымдар берілді.

Бюджет қаржысын негізсіз пайдалану фактісі бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органына жолданды (2 объектіге қатысты).

Тексеру қорытындысы бойынша 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі аудит қызметімен жұмыс тобының қызметі шеңберінде 2 объектінің қызметіне талдау жүргізіліп бұзушылықтар анықталып, қорытындылары шешім қабылдау үшін басшылықтың қарауына енгізілді (жалақы есептеу және төлеу, мемлекеттік мүлік, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру заңнамаларын).

Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда. 2023 жылдың 3 тоқсанында  жүргізілген талдау қорытындысы бойынша бюджет әкімшілеріне 4 хат жолданды.

Ішкі аудит қызметімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (№4 үлгілік базалық бағыт) жұмыс тобының құрамында жұмыс атқарылуда. 12 объектіде 4 бағыт бойынша талдау өткізіліп, нәтижесінде 6422,7 млн.теңге құрайтын заңнама бұзушылықтары анықталды.

Шаралар бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілгенің ескере отырып, тиісті шаралар алу туралы ұсынымдар жолданды.

ІАҚ

Дата публикации
04 октября 2023
Дата обновления
04 октября 2023
Тип
Есеп

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы