Меню

Страницы

Статья

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы

Батыс Қазақстан облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 Өкімін іске асыру мақсатында, 2019 жылдың наурыз-сәуір айларында барлық аудандарда конкурстың бірінші кезеңі өткізілді. Конкурстың бірінші кезеңінің іріктеу қорытындысына сәйкес, әр ауданнан жеңімпаз отбасылары айқындалып, облыстық деңгейге ұсынылды.

Өңірлік деңгейдегі комиссия шешімімен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын айқындау бойынша іріктеу критерийлері негізінде облыстық кезеңге өткен 48 отбасының ішінен 13 отбасы «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезеңіне жолдама алды. Өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің жағымды үлгісін таратуға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық салтанатты шарасы облыстық Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрында ағымдағы жылдың 24 мамыр күні өткізілді. Конкурстық комиссияның шешімімен Казталов ауданынан Қарсақовтар отбасы жеңімпаз ретінде танылып, 500 мың теңгеден қаржылай марапатталды және «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының республикалық кезеңіне жолдама алған болатын.

Аталған Қарсақовтар отбасы 9 жанұя өкілімен 2019 жылғы 7 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысып, Тұңғыш Президент қорының арнайы сыйлығымен марапатталды.

Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында соңғы жылдары жүйелі түрде гендерлік теңдікті дамыту бойынша және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандармен профилактикалық іс-шараларды өткізіп келеді.

Жоба барысында «Ауыл әйелдерінің облыстық форумы», әйелдердің арасында зорлық-зомбылыққа ұшырағандармен жұмыс, құқықтық және қаржылық сауаттылыққа үйрету бойынша іс-шаралар, «гендерлік теңдіктің қалыптасуы және дамуы», «әйелдер кәсіпкерлігін қолдау», «әйелдердің құзыреттілігін арттыру және шешім қабылдау деңгейіне көтеру» бағыттары тақырыбындағы дөңгелек үстелдер мен семинар, бизнесте және басқаруда табысқа жеткен белсенді әйелдердің облыстық форумы, тұрмыста зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге құқықтық, интеллектуалдық, психологиялық кеңестер көрсету қарастырылған.

Дата публикации
14 декабря 2019
Дата обновления
14 декабря 2019
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы