Меню

Страницы

Статья

Күн тәртібінде-дене шынықтыру

 

   8 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында “Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі” жобасы аясында  консультативтік кеңес өтті. Жоба Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы мен ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросы арасындағы ынтымақтастық негізінде ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің “Дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығының” қатысуымен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, жобалық іс-шаралар сапалы дене тәрбиесі саясатын жүзеге асыруға қатысты барлық мүдделі топтардың қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған.

 Кездесудің бірінші бөлімінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенко, ЮНЕСКО Кластерлік бюросының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар жөніндегі бағдарламалық маманы М.Т. Байбеков, ҚР Оқу-ағарту Министрлігі “Дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығының” жетекші ғылыми қызметкері Л.Гумилев атындағы ЕҰУ дене шынықтыру мен спорт кафедрасының аға оқытушысы С.Ж. Отаралы, ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Кластерлік бюросының Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша сарапшы/үйлестірушісі А.К.Ильясова, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің, облыстық білім басқармасының өкілдері Д.Қонаев атындағы №44 мектепті,эстетикалық бағытындағы гимназияны, Орал қаласының Оқушылар сарайын, облыстық олимпиадалық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледж ұйымдарын аралап шықты.

Сол күннің екінші жартысында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, оған мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдары, облыстық білім, денсаулық сақтау, облыстық маслихаттың әлеуметтік бағдарламаларды және жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша өкілдері қатысты. Қатысушыларға облыс әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетов құттықтау сөз сөйледі. Кездесу дене тәрбиесі бойынша маңызды мәселелерді талқылаумен жалғасты. Қатысушылар өскелең ұрпақтың денсаулығы- қолымыздағы ең құнды екендігі және ол дене шынықтыру мәдениетінің сапасына байланысты деген тұжырымға келді.

 

Дата публикации
12 сентября 2023
Дата обновления
12 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы