Меню

Страницы

Статья

Жұмыс кездесуі барысында

Ағымдағы жылдың 22 тамызында Батыс Қазақстан облысы  әкімдігінде өңір басшысы Н.Т.Төреғалиев пен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенконың жұмыс кездесуі өтті.

Отырыс барысында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан үшін ЮНЕСКО-ның Кластерлік бюросымен өзара түсіністік туралы меморандумына сәйкес Қазақстан Республикасы  Білім министрлігі Дене шынықтыру ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырып жатқан  «Қазақстандағы сапалы дене тәрбиесі» жобасы аясында 8 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында семинар-тренинг өткізу мәселесі қаралды .Сондай-ақ тараптар, қыркүйек айында облыс орталығында балалар мен жастардың бойында азаматтық пен патриоттық сезімді тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік топтардың республикалық слетін ұйымдастыру мәселесін де талқылады. Қорытынды бөлімде одан әрі сындарлы ынтымақтастық перспективалар белгіленді. Талқылауға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетов пен облыстық білім басқармасының басшысы А.А.Мыңбаева қатысты.

Дата публикации
28 августа 2023
Дата обновления
28 августа 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы