2023 жылдын 1 тоқсанында 1 аудит объектісінде - Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудиторлық іс-шара өткізіліп, аудитпен 172,5 млн.теңге қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 23,6 млн.теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Аудиторлық іс-шаралардын қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектісіне облыс әкімінің бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы 1 шешімі тиісті шара алу үшін жолданды. Шығарылған ұсынбалар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Аудит объектісінде келесі заңнамалардын бұзушылықтары және кемшіліктері анықталған:
Аудитпен анықталған бұзушылықтардын негізгі себептері, бөлімше басшыларының тарапынан тиісті қадағалаудын және жұмысты ұйымдастырудағы жіберілген қателіктері, аудит объектісінің лауазымды тұлғалары біліктіліктерінің төмендігі, ішкі қадағалау жүйесінің әлсіреуі болып табылады.
Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында қаржылық тәртіпті, мемлекеттік сатып алу заңнамасын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін үнемі оқып білуге, қызметтік және өндірістік талаптарды орындауға бағытталған тиісті шараларды алу жөнінде ұсынымдар берілді.
Бюджет қаржысын негізсіз пайдалану фактісі бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органына жолданды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтарының белгілері бар 1 материал Батыс Қазақстан облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберіліп, қарау нәтижелері бойынша 1 адам 172,5 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды (бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасын бұзу бойынша).
Тексеру қорытындысы бойынша 2 лауазымды тұлға қызметінен босатылды.
Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда. 2023 жылдың 1 тоқсанында жүргізілген талдау қорытындысы бойынша бюджет әкімшілеріне 2 қызметтік хат жолданды.
ІАҚ