2022 жылдын 4 тоқсанында ішкі аудит қызметі жұмыс топтарының құрамында «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы, «Батыс су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде хаттар мен өтініштерде көрсетілген фактілерге қатысты тексерулерге қатысты.
Ішкі мемлекеттік аудит қорытындысына берілген қарсылықтарды, ішкі аудит қызметінің жұмыс нәтижесін қарау, 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит тізімін келісімдеу мәселелері бойынша 2 аудит және тәуекелдер Кеңесінің отысыры өткізілді.
Ішкі аудит қызметінің жоспары жалпы кезең кезеңімен орындалды.
Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 11 қызметтік хат дайындалып, бюджет әкімшілеріне жұмыста қолдану және шара алу үшін жолданды. Уәкілетті органға Ішкі аудит қызметінің жұмысың жетілдіруге бағытталған 6 ұсыным енгізілді.
Аудиторлық іс-шаралардын қорытындысы бойынша берілген ұсынымдардын орындалуына 8 мониторинг өткізілді. Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары толығымен орындалды.
Сонымен қатар Ішкі аудит қызметі «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (№4 үлгілік базалық бағыт) жұмыс тобының құрамында жұмыс атқарды. Талдау қорытындысы бойынша 11,3 млрд.теңгені құрайтын заңнама бұзушылығы анықталды. Бұзушылықтарды болдырмау туралы тиісті ұсынымдар берілді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтарының белгілері бар материалдар Батыс Қазақстан облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберіліп, 2022 жылы 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (513,0 мың теңге айыппұл салынды).
Тексеру нәтижелері бойынша 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ІАҚ