Батыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетовтың төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Оған Комиссия мүшелерімен бірге білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, мәдениет, спорт, құқық қорғау органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, түрлі деңгейдегі мәслихаттардың өкілдері, аудан әкімінің орынбасарлары мен аудандық ішкі істер бөлімдерінің басшылары қатысты.
Отырыс барысында облыстағы кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар саласындағы ағымдағы ахуал, сондай-ақ құқық бұзушылықтар мен рецидивтың профилактикасы, балалар арасындағы суицид пен бұзақылықтың алдын алу бойынша уәкілетті органдардың қабылдап жатқан шаралары қаралды.
Өңірде атқарылып жатқан іс-шаралар тәжірибесі туралы айта отырып, қатысушылар келесі мәселелерді талқылады: 1) «Балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел ден қою алгоритмі» бойынша жұмыс жүйесі, 2) тәлімгерлік институтты дамыту жолдары, 3) балаларға қатысты зорлық-зомбылықты ерте анықтау әдістерін қолдану, 4) "2023-2025 жылдарға арналған оқушылар мен жастар арасында электрондық темекіні/вейпты тұтынудың алдын алу бойынша қызметті ұйымдастыру жөніндегі жол картасын" жүзеге асыру, 5) аудандық (қалалық) деңгейдегі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссиялардың жұмысын қайта пішімдеу, оның ішінде облыстың пробация қызметімен өзара іс-қимыл аясын кеңейту, 6) жауапты тұлғалардың (мәдениет, спорт және басқалар) балалармен медициналық-әлеуметтік есепке алу бойынша мақсатты жұмысын күшейту және т.б.
Жиынның қорытынды бөлімінде облыстық комиссияның белсенді іс-қимылдарының нәтижесінде білім беру ұйымдарында «Komek Stop BuIIying» жобасын жүзеге асыру бойынша 6 жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойғаны белгілі болды. Қол қойғандардың қатарында әкімдік, прокуратура, полиция департаменті, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы және М.Өтемісов атындағы БҚУ, «IT Group Kazakhstan» ЖШС бар.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары Б.Нарымбетов барлық қатысушыларға мақсатты тапсырмалар берді.