Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің 2019 жылдың 1 тоқсанында атқарған жұмысының нәтижесі туралы ақпарат

Мемлекеттік органдармен және бағынысты ұйымдарға (сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерімен) жүктелген мақсаттармен міндеттерге қол жеткізу, бюджеттік, мемлекеттік мүлік туралы және мемлекеттік сатып алу туралы және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамаларының нормаларын сақталуы бойынша Батыс Қазақстан облысының әкіміне тәуелсіз және объективті ақпарат ұсыну, мемлекеттік органдары қызметін және мемлекет активтерін, бюджеттік қаражатты басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша ұсынбалармен ұсыныстар дайындау Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің негізгі мақсаты болып келеді.

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің  штаттық саны 2 бірліктен тұрады (толықтылық 100% құрайды).

2019 жылдын 1 тоқсанында 1 аудит объектісінде аудиторлық іс-шара өткізіліп, аудитпен 462,2 млн.теңге қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 327,1 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 0,34 млн.теңге қаржылық, 326,8 млн.теңге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.

Аудиторлық іс-шаралардын қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектісіне облыс әкімінің бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы 1 шешімі тиісті шара алу үшін жолданды. Шығарылған ұсынбалар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Батыс Қазақстан облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментіне әкімшілік жауапкершілігі белгілері бар бұзушылықтары бойынша тиісті мәлімет жолданды: мемлекеттік сатып заңнамасын бұзу туралы – 4 факт, бухгалтерлік есеп жіне қаржылық есептілік заңнамасы – 1 факт.

Аудит объектісінде келесі заңнамалардын бұзушылықтары және кемшіліктер анықталған:

  • мемлекеттік сатып алу;
  • жалақыны есептеу;
  • бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру (есептерді негіздеу);
  • бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік;
  • 4-ші деңгейлі бюджеттін кіріс көздерін қалыптастыру.

Аудитпен  анықталған бұзушылықтардын негізгі себептері, бөлімше басшыларының тарапынан тиісті қадағалаудын және жұмысты ұйымдастырудағы жіберілген қателіктері, аудит объектісінің лауазымды тұлғалары  біліктіліктерінің төмендігі, ішкі қадағалау жүйесінің әлсіреуі болып табылады.

Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында қаржылық тәртіпті, мемлекеттік сатып алу заңнамасын қатаң сақтауға, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін үнемі оқып білуге, қызметтік және өндірістік талаптарды орындауға бағытталған тиісті шараларды алу жөнінде ұсынымдар берілді.

2019 жылдын 1 тоқсанында ішкі аудит қызметімен аудит объектілері және олардын бағынысты мекемелері қызметінін ішкі процесстеріне (бизнес процестерге), басқа объектілерде бұзушылықтардын болу тәуекелін болдырмау мақсатында талдау жүргізіліп және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау заңнамасын жетілдіру мақсатында тиісті ұсыныстар дайындалды. Бұл ретте мемлекеттік аудит объектілеріне 3 хат (соның ішінде қызметтік жазбалар) жолданды.

  ІАҚ

Дата публикации
12 декабря 2019
Дата обновления
12 декабря 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы