Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс орталығында 50-ден астам іс-шара өткізілді. Олардың бірқатарын ұйымдастыруға облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдері қатысты. Мәселен, еліміздің Тұңғыш Президенті алаңында мерекелік шараларда 1000-нан астам бала жиналды. Балалар үшін шеберлік сабақтары, сурет көрмелері, спорттық сайыстар, асфальтқа сурет салу байқаулары, түрлі ойын-сауықтар мен тамаша концерт әзірленді.
Сол күні БҚО Іскер әйелдер одағында «Біз жақынбыз! Біз біргеміз!» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бәйтерек» ҚБ кездесу өткізілді. БҚО Іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері облыстық Отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне шеберлік сабақтарын өткізді. Барлық іс-шаралар қызу өтті және естелік сыйлықтар табыстаумен аяқталды.