Меню

Страницы

Статья

Отбасы күніне арналған әйелдер форумы

 

 

15 шілдеде Оралда Іскер әйелдер форумы отбасы күні меркесін  атап өтті. Шараны облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен Батыс Қазақстан облысының іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастырды. Форумның мақсаты – осындай іс-шаралар арқылы жақсы отбасылық, ұлттық салт-дәстүрлерді ашу, өңірдегі іскер әйелдердің мәртебесін көтеру, жастарды қазақстандық патриотизмге, еңбексүйгіштікке, үлкенді, отбасын құрметтеуге тәрбиелеу.

«Атамекен» өнер сарайы Орал өңірінен, сондай-ақ көршілес Атырау, Ақтөбе облыстарынан кәсіпкерлік пен қоғамдық өмірдегі ең белсенді әйелдері жиналды. Форумның құрметті қонақтары  Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко, саясаткер Динар Нұркетаева, еліміздің белгілі ақыны Ақұштап Бақтыгереева қатысты. Шараға қатысқан аймақ басшысы Нариман Төреғалиев әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, әр салада табыс тіледі.

 

Дата публикации
10 июля 2023
Дата обновления
10 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы