14 шілдеде облыс әкімі Нариман Төреғалиев пен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаевамен , еліміздің саяси қайраткері Динар Нұркетаевамен іскерлік кездесу өтті. Кездесудің мақсаты еліміздегі, атап айтқанда Батыс Қазақстан облысында әйелдердің бизнестегі, әйелдер кәсіпкерлігіндегі бастамаларын дамыту мен қолдаудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ келіссөздердің тиімді жақтары анықтау болды.