Меню

Страницы

Статья

Демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі

 

Еліміздің мемлекеттік саясатында балалардың жағдайын жақсарту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету стратегиясы басым болып қала береді. Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайындығын тексеру үшін арнайы топ мүшелері облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге рейдке аттанды.

Алдымен өңір басшысы "Атамекен" балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына барды. Мұнда ол балалардың жазғы демалысын ұйымдастырумен танысты. Осыдан ейін Шаған өзені жағалаулар мен су қоймасының, сондай-ақ осы жерде орналасқан объектілердің жағдайына назар аудара отырып, әрі қарай "Евразия" лагерінде облыстық спорт жарысына куә болып, демалушылардың жетістіктеріне риза болды.

Одан әрі жұмыс тобы лагері балалар өздерінің шығармашылық және басқа да қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алатын "Дарын" лагеріне барды. Бұл жерде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің, облыс прокуратурасының, полиция, ТЖ басшылығының, аудан әкімдерінің, басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен отырыс өтті. Жиналғандар "Қауіпсіз балалық шақ-2023" облыстық акциясын іске асыруға ерекше назар аударып, оның мазмұны мен іске асырылу барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов баяндады.

Кездесу соңында Нариман Төреғалиұлы демалыс уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты барлық жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

 

aqjaiyq телеарнасы

Дата публикации
08 июля 2023
Дата обновления
08 июля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы