Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.
- Жалпы ақпарат
2023 жылдың 1-ші тоқсанында 963 956 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны- 252 (0,1%),
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 14 528 (1,5%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны - 642 091 (66,6%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 307 085 (31,8%).
Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны:
42 884
- egov.kz портал арқылы - 30 304
- elicense.kz порталы - 4 822
- Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы - 7 758
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 33 807
- ИС Е-Собес - 8485
- ИС Рынок труда - 10632
- ИС ЗАГС - 1427
- E-Qazyna.kz - 24
- ИС Е-акимат - 762
- kezekte.kz - 304
- «Электронная биржа труда» /енбек кз - 10047
- Е-халык - 1626
- Социальная помощь - 500
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны 12.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 118, оған
22 073 тұрғын тартылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 44 саны ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.