Меню

Страницы

Статья

Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласы

(01.07.2026ж.)

 

Облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының желісі 38 заңды объектіден тұрады: стационарлар, диспансерлер, аудандық ауруханалар, ауданаралық оңалту орталығы, қалалық емханалар, өзге де ұйымдар (облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы, бөбектер үйі, арнаулы медициналық жабдықтау базасы, патологиялық-анатомиялық бюросы, Жоғары медициналық колледжі, облыстық қан орталығы, жедел медициналық жәрдем станциясы).

Сондай-ақ құрамына заңды емес ұйымдар кіреді: 1 ауылдық аурухана, 69 дәрігерлік амбулатория, 61 фельдшерлік-акушерлік пункт, 191 медициналық пункт. 21 жеке медициналық ұйым (ТМККК және МӘМС шеңберінде).  

Халық денсаулығының негізгі көрсеткіштері (2026 ж.): ана өлімі тіркелген жоқ, нәресте өлімі тірі туған 1000 балаға шаққанда 27,3%-ға төмендеп, 5,29-ді құрады (2025 ж. – 7,28), жалпы өлім-жітім көрсеткіші 4,5%-ға өсіп, 1000 халыққа шаққанда 7,88-ді құрады (2025 ж. – 7,54), қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім 8,5%-ға артып, 100 мың халыққа шаққанда 218,9-ні құрады (2025 ж. – 201,8), қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 3,0%-ға төмендеп, 100 мың халыққа шаққанда 85,3-ді құрады (2025 ж. – 87,9), туберкулезбен сырқаттанушылық 20,9%-ға артып, 100 мың халыққа шаққанда 38,2-ді құрады (2025 ж. – 31,6), туберкулезден болатын өлім-жітім 100 мың халыққа шаққанда 42,9%-ға артып 2,0-ні құрады (2025ж-1,4).

Ескертпе: * 2026 жылдың 5 айындағы ҰСБ деректері

**2026 жылдың 6 айындағы деректері

Бюджет

2026 жылы – 104,6 млрд. теңге (оның ішінде 91,7 млрд.теңге ӘМСҚ арқылы, 12,9 млрд. теңгесі ДСБ арқылы).

2025 жылы бюджет – 105,0 млрд. теңгені құрады (оның 88,4 млрд.теңгесі ӘМСҚ арқылы 16,6 млрд. теңгесі ДСБ арқылы қаржыландырылды).

 

Цифрландыру

Бүгінгі таңда облыс бойынша медициналық ұйымдарында 3 медициналық ақпараттық жүйе енгізілді: «Damumed», «Авиценна», «Smart103».

2026 жылдың 6 айында 808 телемедициналық қызмет көрсетілді, оның 89  республикалық орталықтармен.

85591 қашықтықтан медициналық қызметтер көрсетілді (11,17%).

Face ID жүйесі арқылы пациенттерді сәйкестендіру жобасы жүзеге асырылуда. Цифрлық сәйкестендірудің негізгі тетігі-электрондық үкіметтің "цифрлық құжат" сервисі.

62 медициналық ұйымдарда  Face ID жүйесі арқылы пациенттерді сәйкестендіру жобасы жүзеге асырылуда (мемлекеттіқ+жеке).

 

Дәрілік қамтамасыз ету мәселесі бойынша

Дәрілік заттар маркировкасы мен қадағалануын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе енгізілді, 9 госпиталь фармация бөлімшесі ашылды, амбулаторлық деңгейде дәрілік заттарды беру «Әлеуметтік әмиян» жүйесі арқылы жүзеге асырылады. 01.07.2026ж. жағдай бойынша облыста 358599 рецепт қамтамасыз етілді.

2026 жылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде пациенттерді кепілденлірілген көлемі шеңберінде пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен 13,8 млдр. (2025 жылы – 10,5 млрд. теңге) теңге және жергілікті бюджет 2,4 млрд. теңге (2025 жылы 2,4 млрд.теңге) қаражат бөлінді.

Бүгінгі күні дәрі-дәрмекпен 121916 пациент қамтамасыз етілді, онының ішінде балалар 12727, 94 нозология бойынша (2025 жылы 95 нозология).

Денсаулық сақтау кадрлары

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау жүйесінде 1773 дәрігер, 6437 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Облыстағы дәрігерлік кадрлардың тапшылығы -153,0 бірлік. Мамандықтар бойынша дәрігерлердің ең үлкен тапшылығы осы мамандықтарға байқалады: жалпы тәжірибелік дәрігер, акушер-гинекологтар, анестезиология және реанимация, кардиологтар, жалпы хирургтар, невропатологтар, терапевттер.

Медициналық кадрлар тапшылығын азайту мақсатында бірқаттар жүйелі шаралар қабылдануда:

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 қазандағы №15-4 шешіміне сәйкес ауылға жіберілген медицина қызметкерлеріне ең төменгі жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде, қалаға жіберілген медицина қызметкерлеріне ең төменгі жалақының алпыс еселенген мөлшерінде әлеуметтік қолдау көрсетіледі.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен резидентураға 2022-2024 жылдары 505 грант бөлінді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқытуға 2017-2024 жылдары аралығында 284 грант, 2021-2024 жылдары резидентураға 42 грант бөлінді.

2025 жылы бөлінген гранттар: жергілікті бюджет есебінен «Жалпы медицина» мамандығы бойынша -45, резидентураға-18; республикалық бюджет қаражаты есебінен резидентураға-240

Облысымызға мамандарды тарту мақсатында ҚР жоғары оқу орындарының түлектері арасында интерндер және резиденттермен кездесулер өткізіліп тұрады. «Enbek.kz» порталында барлық бос жұмыс орындары, сондай-ақ ұсынылатын әлеуметтік пакеттер туралы ақпарат орналастырылды.

2026 жылы облысқа 23 маман (дәрігерлер) келіп, жұмысқа орналастырылды, оның 15-і ауылдық жерге.

Біржолғы өтемақы 36 маманға төленді (ауылдық жерде-8). 8 маманға қызметтік тұрғын үй бөлінді.

2025 жылы облысқа 190 маман (дәрігерлер) келіп, жұмысқа орналастырылды, оның 114-і ауылдық жерге. Біржолғы өтемақы 155 маманға төленді (ауылдық жерде-105). 69 маманға қызметтік тұрғын үй бөлінді.

Күрделі жөндеу

2026 жылы жергілікті бюджет есебінен күрделі жөндеуге қаржыландыру көзделмеген.

2025 жылы 5 медициналық нысандардың күрделі жөндеуі аяқталды (Орал қаласы – 2, Қаратөбе ауданы-2, Шыңғырлау ауданы-1 «КПО б.в. компания» есебінен).

Құрылыс

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы аясында 2023–2025 жылдары қолданыстағы нысандардың орнына 50 жаңа алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) нысаны салынды (оның ішінде: 17 медициналық пункт, 21 фельдшерлік-акушерлік пункт және 12 дәрігерлік амбулатория).

2026 жылы Бөрлі және Казталов аудандық ауруханаларын инсульт орталығы, тері арқылы коронарлық араласу (ЧКВ) орталығы, травматология, перинаталдық және хирургиялық блоктары бар көпбейінді орталық аудандық ауруханаларға (КОАА) айналдыру арқылы жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Материалдық-техникалық жарақтандыру. Медициналық техниканы сатып алу

2026 жылы 4,8 млрд теңге сомасына 15 бірлік медициналық жабдық республика бюджет есебінен және 25,3 млрд. теңге 1181 бірлік «КПО б.в. компания» қаражаты есебінен (ӘИБ шеңберінде) сатып алу жоспарланған. 01.07.2026  ж. 236 бірлік сатып алынды.

2025 жылы 5,5 млрд теңгеге 220 бірлік медициналық жабдық сатып алынды (оның ішінде: 12 маммограф, 7 цифрлық рентген аппараты, 5 сараптамалық класты ультрадыбыстық аппарат, ангиограф, 2 компьютерлік томограф (ОМА, ОБА), 1 магниттік-резонанстық томограф (ОАО) және т.б.). 420,0 млн теңгеге 5 реанимобиль сатып алынды.

Дата публикации
01 июля 2022
Дата обновления
14 июля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы