«Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асыруға және денсаулық сақтаудың аймақтық бағдарламасын жүргізуге, азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық көмекалуқұқықтарыныңтеңдігін қамтамасыз етуді жүзеге асыруға уәкілетті жергілікті атқарушы орган болып табылады.
|
|
Лауазымы |
Қабылдау күні және уақыты |
Байланыс телефоны |
|
Абдрахманова Гульнара Махсутовна |
Басқарма басшысының м.а |
Сәрсенбі |
24-55-01 |
|
Мұқанов Ерлан Мақсотұлы |
Басқарма басшысының орынбасары |
Жұма |
24-73-73 |
|
|
Басқарма басшысының орынбасары |
Сейсенбі |
|
|
Шукургалиева Айзада Бекетқызы |
Басқарма басшысының орынбасары |
Бейсенбі |
24-55-03 |
1.«Медициналық қызметке лицензия беру»
2.«Дәрiгердiң қабылдауына жазылу»
3.«Дәрігерді үйге шақыру»
5.«АИТВ-инфекциясының болуына ерікті анонимді және міндетті құпия медициналық тексерілу»
6.«Транспланттау мақсатында азаматтан қайтыс болғаннан кейін оның тіндерін және (немесе) ағзаларын (ағзалардың бөліктерін) алумүмкіндігі туралы көзітірісінде еркін көңіл білдіруіне келісім беру немесе қайтарыпалуды тіркеу»
7.«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтамасын беру»
8.«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру»
9.«Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын беру»
10.«Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
11.«Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
12.«Туберкулезге қарсы ұйымнан анықтама беру»
Салауатты өмір салтын насихаттау арқылы тұрғындардың денсаулығы жағдайын жақсарту және облыс тұрғындарына медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру болып табылады.
Басқарманың негізгі міндеттері:
1) облыс тұрғындарының денсаулығын нығайту;
2) облыстың денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру;
3) кадр ресурсы жүйесін дамыту;
4) тұрғындардың дәрілік заттармен қамтамасыз етілуін жетілдіру.
Басқарманың функциялары:
Басқарма өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіреді және оған бақылау жүргізеді
2) тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (ТМККК) шеңберінде азаматтар мен оралмандарды медициналықкөмекпен, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді;
3) бастапқы медициналық-санитарлық көмек (БМСК) ұйымдарындаемдеу-профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырады;
4) ТМККК көрсету үшін медициналық қызметтер, дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар, вакциналар, иммунологиялық препараттарды сатып алуларды ұйымдастырады:
Өкілетті органмен бекітілген тізбеге сәйкес амбулаторлық деңгейде;
дәрі-дәрмектік формуляр көлемінде стационарлық деңгейде;
5) дәрілік заттардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді;
6) медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техникаларды, жабдықтарды, автокөлікті сатыпалуларды, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерді күрделі жөндеу жүргізу қызметін ұйымдастырады;
7) өзқұзыретіаясындаоблыстыңденсаулықсақтауісіндеқаржыландыру мен басқарудыұйымдастырады;
8) медициналық және фармацевтикалық кадрлардың үздіксіз кәсіби дайындығы мен кадрлық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
9) Қазақстан Республикасының «Лицензиялаутуралы» заңнамасына сәйкес медициналық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
10) салауатты өмір салты мен салауатты тамақтануды насихаттауды және қалыптастыруды жүзеге асырады;
11) қан айналымы органдарының туа біткен ақаулықтары бар ерте жастағы балаларды жергілікті бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жолдауды ұйымдастырады.