2023 жылдың 3 наурызы күні Орал қаласындағы «Демеу» жастар денсаулығы орталығында ашық есік күні болып өтті. Аталған іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясы бастамашы болып, БҚО денсаулық сақтау басқармасы облыстық комиссиясымен бірге ұйымдастырды. Іс-шара барысында медициналық қызметкерлер (акушер-гинекологтар, психиатрлар, наркологтар мен терапевтер) өтініш білдірушілерге консультативтік, емдеу-диагностикалық және басқа да көмектер көрсетті.
Психологтар жасөспірімдер және жастармен тренингтер өткізді.
Халықтың хабардарлық деңгейін арттыру мақсатында тақырыптық жаднамалар мен брошюралар таратылды.