Меню

Страницы

Статья

Жастар денсаулық орталықтарындағы Ашық есік күндері

 

1-7 наурыз аралығында Қазақстан өңірлерінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелері және Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік комиссияларының қатысуымен Жастар денсаулық орталықтарында Ашық есік күндері өтеді.

Орталықтарда 10 жастан 29 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастарға консультациялық, емдеу-диагностикалық, медициналық-психологиялық көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Жүргізіліп жатқан жұмыс жастарды ақпараттандыруға және тәрбиелеуге, оларда қауіпсіз мінез-құлық пен қажетті өмірлік дағдыларды қалыптастыруға бағытталатын болады.

Іс-шаралар аясында жасөспірімдер мен жастарға келесілер ұсынылады:

- Гинекология, урология, дерматовенерология саласындағы мамандардың консультациялары, сондай-ақ емдеу-диагностикалық көмек;

- репродуктивті және психикалық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша семинар-тренингтерге қатысу;

- жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік көмек алу, сондай-ақ орталықтардың заңгерлерінен қажетті құқықтық көмек алу мәселелері бойынша ақпарат алу.

Жастар денсаулық орталықтары (ЖДО) - бұл еріктілік, қол жетімділік, ізгі ниет және сенім қағидаттарына негізделген жасөспірімдер мен жастарға кеңес беру мен қызмет көрсетудің халықаралық және ұлттық деңгейде танылған интеграцияланған жүйесі. Орталықтарда жастар өздері үшін қажетті кеңестер мен мамандардың көмегін ала алады.

Батыс Қазақстан облысында Ашық есік күні 3 наурызда Орал қаласы, Қапан Мусин көшесі,62 мекенжайы бойынша «Демеу» ЖДО-да өтеді.

 

Дата публикации
02 марта 2023
Дата обновления
02 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы