2019 жылғы 1 шілдесіне облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының жүйесі 39 заңды нысанды құрады.
10 ауруханалық ұйым, оның ішінде 4 диспансер, 15 аудандық аурухана, 1 ауданаралық сауықтыру ауруханасы оңалту орталығы;
6 дербес амбулаторлық-емханалық ұйым (қалалық емханалар);
7 басқа да (облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық, патологиялық-анатомиялық бюро, «Мейірім» облыстық мамандандырылған бөбектер үйі, арнаулы медициналық жабдықтау базасы, облыстық қан орталығы, жоғарғы медициналық колледж).
аудандық орталық ауруханалар және аудандық ауруханалар құрамына 1 ауылдық аурухана, 61 дәрігерлік амбулатория, 59 фельдшерлік-акушерлік пункт, 217 медициналық пункт кіреді; қалалық емханалар құрамында 4 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт және 4 медициналық пункт бар.
Облыста тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шегінде қызметтер көрсететін жеке меншік нысанындағы 15 субъект жұмыс істейді.
Облыста 1687 дәрігер (ДСМ жүйесі), 6306 (ДСӘДМ жүйесі) орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Облыс бойынша 10 мың тұрғынға: дәрігерлермен қамтамасыз етілу – 25,9, орта медицина қызметкерімен қамтамасыз етілу – 97,1.
Облыста қазіргі уақытта 3505 бюджет койкасы жұмыс істейді.
2019 жылғы 1 шілдесіне есепті кезең ішінде 2018 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда әлеуметтік маңызды аурулар бойынша нақты нәтижелерге қол жеткізілді:
-ана өлімі тіркелген жоқ,
-нәресте өлімі-5,3% (2018ж-8,1)-34,6 төмендеді,
-туберкулезбен аурушаңдық -27,5 (2018ж-28,7)- 4,2% төмендеді,
-туберкулезден өлім-1,4%,(2018ж-1,4%)-бір қалыпты жағдай,
-қатерлі ісік ауруларынан өлім -54 (2018ж-48,8)- 10,7% өсті,
- қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім- 114,3 (2018ж-97,8)- 16,9 –ға өсті.
2019 жылы бюджет 4,4 млрд. теңгені (2018 ж.-4,2) құрады, 2019 жылдың 2 тоқсанына бюджеттің игерілуі 2,1 млрд.тг– 98,2% құрады.