Меню

Страницы

Статья

БҚО-ға жұмыс сапары

 

Ағымдағы жылдың 23-27 қаңтары аралығында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық Комиссия төрағасының орынбасары Е.И.Тарасенконың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты – облыс әкімі жанындағы облыстық әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысын бақылау.
Сапар барысында Елена Ивановна комиссияның жұмыс құжаттарымен танысты, облыстық комиссияның «Облыстағы отбасылық-демографиялық саясатты дамытудағы басым жобалар», оның ішінде облыстардағы кеңейтілген отырысына қатысты. Оның ішінде жұмыспен қамту, медицина, білім, құрылыс, IT-технологиялар, спорт және кәсіпкерлік салаларында. Ол сондай-ақ Орал қаласында орналасқан бірқатар нысандарды аралады: Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы, Облыстық олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы жанындағы «Отбасы» орталығы, Оқушылар сарайы, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының БҚО Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау орталығы, БҚО Іскер әйелдер қауымдастығы, «Текемет» ЖК, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, «Бәйтерек» мүгедек балаларға арналған қоғамдық бірлестіктері және «Арба» тірек-қозғалыс аппаратының қызметі бұзылған мүгедек азаматтарды қолдау қоғамы, Сервис және жаңа технологиялар колледжі. Ол балалар ұжымдарымен, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлермен, бизнес өкілдерімен, кәсіпкер әйелдермен, ғалымдармен, студенттермен, қоғам белсенділерімен кездесті. Қалалық комиссияның жұмысын зерттеді. БҚО Қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен өткен «дөңгелек үстел» барысында отбасы және гендерлік мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Елена Тарасенконың облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесуінде сапар қорытындысы шығарылды.

Дата публикации
30 января 2023
Дата обновления
30 января 2023
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы