|
Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекараларын айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 2-2) тармақшасына, 21-бабының 1-тармағына және 22-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
3. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қосымша...
Төраға Н. Әбдіров
Хатшы М. Ерман
Астана қаласы,
2022 жылғы 24 желтоқсан
№ 130/625
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 24 желтоқсандағы № 130/625 қаулысына қосымша
|
|
|
|
|
Бірмандаттық сайлау округтері бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізбесі мен шекаралары
(орталығы – Астана қ.)
«Алматы», «Байқоңыр» аудандарының шекараларында
(орталығы – Астана қ.)
«Есіл», «Сарыарқа» аудандарының шекараларында
(орталығы – Алматы қ.)
Алатау, Әуезов аудандарының шекараларында
(орталығы Алматы қ.)
Алмалы, Жетісу, Түрксіб аудандарының шекараларында
(орталығы – Алматы қ.)
Бостандық, Медеу, Наурызбай аудандарының шекараларында
(орталығы – Шымкент қ.)
Абай ауданы, Тұран ауданы, Әл-Фараби ауданы шекараларында
Мәделі қожа көшесінен Ж.Адырбеков көшесінің тақ жағымен Тәуке хан даңғылына дейін, одан әрі Тәуке хан даңғылының тақ жағымен Республика даңғылына дейін
(орталығы – Шымкент қ.)
Еңбекші, Қаратау аудандары, Әл-Фараби ауданы шекараларында
Жәнібеков көшесінен Бәйтереков көшесінің жұп жағымен Ж.Адырбеков көшесіне дейін, одан әрі Ж. Адырбеков көшесінің жұп жағымен Тәуке хан даңғылына дейін, одан әрі Тәуке хан даңғылының жұп жағымен Республика даңғылына дейін
Абай облысы (1)
(орталығы – Семей қ.)
Абай облысының шекараларында
Ақмола облысы (1)
(орталығы – Көкшетау қ.)
Ақмола облысының шекараларында
Ақтөбе облысы (1)
(орталығы – Ақтөбе қ.)
Ақтөбе облысының шекараларында
Алматы облысы (2)
(орталығыҚонаев қ.)
Қонаев қ., Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек, Талғар, Ұйғыр
аудандары шекараларында
(орталығы - Қарасай ауданының Қаскелен қаласы)
Балқаш, Іле, Жамбыл, Қарасай аудандарының шекараларында
Атырау облысы (1)
(орталығы – Атырау қ.)
Атырау облысының шекараларында
Батыс Қазақстан облысы (1)
(орталығыОрал қ.)
Батыс Қазақстан облысының шекараларында
Жамбыл облысы (2)
(орталығы – Тараз қ.)
Тараз қ., Жамбыл, Жуалы, Талас аудандарының шекараларында
(орталығы – Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылы)
Мойынқұм, Сарысу, Байзақ, Т. Рысқұлов, Меркі, Шу, Қордай
аудандарының шекараларында
Жетісу облысы (1)
(орталығы – Талдықорған қ.)
Жетісу облысының шекараларында
(орталығыҚарағанды қ.)
Қарағанды қаласы, Бұқар Жырау ауданы шекараларында
(орталығыТеміртау қ.)
Теміртау, Балқаш, Приозерск, Саран, Шахтинск қалаларының,
Абай, Ақтоғай, Қарқаралы, Нұра, Осакаров, Шет аудандарының шекараларында
Қостанай облысы (1)
(орталығыҚостанай қ.),
Қостанай облысының шекараларында
Қызылорда облысы (1)
(орталығыҚызылорда қ.)
Қызылорда облысының шекараларында
Маңғыстау облысы (1)
(орталығыАқтау қ.)
Маңғыстау облысының шекараларында
Павлодар облысы (1)
(орталығы Павлодар қ.)
Павлодар облысының шекараларында
Солтүстік Қазақстан облысы (1)
(орталығы Петропавл қ.)
Солтүстік Қазақстан облысының шекараларында
Түркістан облысы (3)
(орталығы – Түркістан қ.)
Арыс қаласы, Отырар, Сауран, Ордабасы, Шардара аудандарының
шекараларында
(орталығыСайрам ауданы, Ақсукент ауылы)
Кентау қаласы, Созақ, Бәйдібек, Түлкібас, Төлеби аудандарының шекараларында
(орталығы – Сарыағаш ауданы Сарыағаш қ.)
Келес, Қазығұрт, Мақтаарал Жетісай аудандарының шекараларында
Ұлытау облысы (1)
(орталығыЖезқазған қ.)
Ұлытау облысының шекарасында
Шығыс Қазақстан облысы (1)
(орталығы Өскемен қ.)
Шығыс Қазақстан облысының шекараларында