2023 жылдың 12 ақпанына Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылдық округі,Тасқала ауданы Тасқала және Шежін ауылдық округтері әкімдерінің ,Шынғырлау ауданы Алмаз ауылдық округі әкімдерінің өкілеттіктері аяқталуына байланысты және Бөкейордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің өклеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты сайлаулары тағайындалды.
Барлығы 15 кандидат ұсынылды , оның ішінде - 4 кандидат «Аманат» партиясынан ұсынылған ,11 –өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылдың 22 қаңтар жағдайы бойынша 15 кандидаттың құжаттары қаралып – 14 кандидаттың құжаттары заң талаптарына сәйкестігі анықталды.
15 кандидаттың - 13- мемлекеттік қызметшілер,2 бюджет саласынан.
Кандидаттардың орта жасы 45,5 жас, ең жас кандидат 30 жаста, жасы үлкені – 61 жаста.
8 (53,3%) кандидат ауылдық округтің тұрғыны, 7 (46,7%) ауданда тұрады.
22 қаңтар жағдайы бойынша 14 кандидат тіркелді.
1 кандидатты мемлекеттік қызмет біліктілік талаптарына сәйкес келмеуне байланысты тіркеуден бас тартылды.
Ұсынылған 15 кандидаттын - 14 тіркелді.
Бөкей ордасы ауданы бойынша округтік сайлау комиссиялары туралы мәліметтер
Жәнібек ауданы бойынша округтік сайлау комиссиялары туралы мәліметтер
Тасқала ауданы бойынша округтік сайлау комиссиялары туралы мәліметтер
Шыңғырлау ауданы бойынша округтік сайлау комиссиялары туралы мәліметтер