«Атамекен» БҚО кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлердің мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесі бойынша жұмыс кездесуі болып өтті. Оған Орал қаласы білім беру бөлімдерімен қоса, БҚО білім басқармасының, БҚО қаржы басқармасының, БҚО бойынша қазынашылық департаментінің, БҚО прокуратурасының, БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің өкілдері, БҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясының мүшелері, БҚО қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының төрағасы Л.А.Турсынова қатысты. Кездесу барысында әйелдер кәсіпкерлігінің ресурстарын пайдалануды қоса, саланың өзекті мәселелері қаралып, оларды шешу жолдары көзделді.