Облыс әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетовтың басшылығымен жұмыс кеңесі өтті, оның барысында Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру мәселелері және 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланды. Отырысқа комиссияның тұрақты мүшелері, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Жұмыстың нәтижесі атаулы тапсырмалар болды.