2022 жылдың 11 қыркүйегіне Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің өкілеттілігі аяқталуына байланысты және Байтерек ауданы Преметное ауылдық округі әкімінің мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысы сайлауы тағайындалды.
Барлығы 7 кандидат ұсынылды , оның ішінде 2 – «AMANAT» партиясынан, 5 өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылдың 27 тамызына жағдайы бойынша 7 кандидаттың құжаттары қаралып – 6 кандидаттың құжаттары заң талаптарына сәйкестігі анықталды.
7 кандидаттың 5 - мемлекеттік қызметшілер, 1- бюджеттік саланың қызметкері,1 –уақытша жұмыссыз.
Кандидаттардың орта жасы 37 жас, ең жас кандидат 28 жаста, жасы үлкені – 46 жаста.
4(57,1%) кандидат ауылдық округтің тұрғыны, 3 (42,9%) ауданда тұрады.
27 тамыз жағдайы бойынша 6 кандидат тіркелді.
Ұсынылған 7кандидаттын -6 тіркелді.