2022 жылдын 3 тоқсанында 2 аудит объектісінде аудиторлық іс-шара өткізіліп (соның ішінде 1 үстеме тексеру), аудитпен 635,0 млн.теңге қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 67,5 млн.теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 67,5 млн.теңге қаржылық сипаттағы бұзушылықтар.
Аудиторлық іс-шаралардын қорытындысы бойынша мемлекеттік аудит объектісіне облыс әкімінің бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарастыру туралы 1 шешімі тиісті шара алу үшін жолданды. Шығарылған ұсынбалар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.
Аудит объектісінде келесі заңнамалардын бұзушылықтары және кемшіліктері анықталған:
Аудитпен анықталған бұзушылықтардын негізгі себептері конкурстық құжаттарды дұрыс әзірлемеуі, басшы және жауапты мамандар тарапынан тиісті қадағалаудын және жұмысты ұйымдастырудағы жіберілген қателіктері, ішкі қадағалау жүйесінің әлсіреуі болып табылады.
Бюджет қаражатын негізсіз пайдалануға жол беру мәселесі бойынша құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдау үшін мәлімет жолданды.
Жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында қаржылық тәртіпті, бюджеттік, мемлекеттік сатып алу заңнамасын қатаң сақтауға, қызметтік және өндірістік талаптарды орындауға бағытталған тиісті шараларды алу жөнінде ұсынымдар берілді.
Ішкі аудит қызметінің жоспары жалпы кезең кезеңімен орындалуда.
Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда. 2022 жылдың 9 айында - 5 қызметтік хат дайындалып, бюджет әкімшілеріне жұмыста қолдану және шара алу үшін жолданды. Уәкілетті органға Ішкі аудит қызметінің жұмысың жетілдіруге бағытталған 3 ұсыным енгізілді.
Аудиторлық іс-шаралардын қорытындысы бойынша берілген ұсынымдардын орындалуына 6 мониторинг өткізілді, 2 объект бойынша ұсынымдар орындалу үстінде. Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмалары толығымен орындалды.
Сонымен қатар Ішкі аудит қызметі «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» (№4 үлгілік базалық бағыт) жұмыс тобының құрамында жұмыс атқарды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтарының белгілері бар 3 материал Батыс Қазақстан облысының ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жіберіліп, 2022 жылғы 1 қазаң жағдайына 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (513,0 мың теңге айыппұл салынды).
Тексеру нәтижелері бойынша 1 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2022 жылдың 9 айында Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 1 материалға сапа бақылауы жүргізіліп, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сай деп танылды.
ІАҚ