2022 жылдың 25 желтоқсанына Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округі әкімінің өкілеттілігі аяқталуына байланысты сайлауы тағайындалды.
Барлығы 3 кандидат ұсынылды , оның ішінде 1 – «AMANAT» партиясынан, 2 өзін-өзі ұсынғандар.
Ағымдағы жылдың 14 желтоқсан жағдайы бойынша 3 кандидаттың құжаттары қаралып – 3 кандидаттың құжаттары заң талаптарына сәйкестігі анықталды.
Барлық 3 кандидат - мемлекеттік қызметшілер.
Кандидаттардың орта жасы 44,5 жас, ең жас кандидат 31 жаста, жасы үлкені – 64 жаста.
1 (33,3%) кандидат ауылдық округтің тұрғыны, 12 (66,7%) ауданда тұрады.
14 желтоксан жағдайы бойынша Бөрлі ауданы Жарсуат ауылдық округі бойынша 3 кандидат тіркелді.
Ұсынылған 3 кандидаттын - 3 тіркелді.