Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысының ішкі бақылау бойынша жұмыс туралы талдамалық анықтама

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 170 қызмет енгізілген. 2020 жылдың І тоқсаны бойынша 488 133 (2019 жыл – 450 388) мемлекеттік қызметтер көрсетілді.

Соның ішінде, көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 110 769 (22,7%) (2019 жыл -  149 337 (33,2%),  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 7 684 (1,6%) (2019 жыл – 20 707 (4,6%), мемлекетік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 369 680 (75,7%) (2019 жыл – 280 344 (62,2%).

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – 6 (2019 жыл - 2). Өткен кезеңмен салыстырғанда 4 фактіге көп.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату үшін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесе бекітілген жоспар аясында семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер және өзге шаралар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 948-ді құрап, оған
18 508  тұрғын тартылды.

Сондай-ақ, «ҰАТ» АҚ аймақтық орталығы аудан әкімдіктерімен бірлесіп, бекітілген кестеге сәйкес қызмет көрсетуші мемлекеттік органдар қызметкерлеріне ақпараттық жүйелер бойынша кеңестер беріп, оқулар өткізді.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-V Заңының 5-бабы 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушілер қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету, мүгедектермен қарым-қатынас жасау саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру аймақтық орталығымен оқу курстары ұйымдастырылуда.  

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 44 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.

 

 

Дата публикации
11 мая 2020
Дата обновления
11 мая 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы