2022 жылы балаларға арналған облыстық сенім телефонына және мектептердің психологиялық қолдау қызметіне 400-ден астам өтініш келіп түсті.
Естеріңізге сала кетейік, Балалар жылының іс-шараларын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандар және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Б.Х. Нарымбетовтың бастамасымен балаларға арналған өңірлік сенім телефоны іске қосылды.
Балаларға арналған сенім телефоны – 1301- балаларға да, олардың ата-аналарына да ашық. Жеке көмекке жүгінуге немесе балаларға қатысты заңсыз әрекеттер туралы хабарлауға болады. Сенім телефонының жұмыс принципі-құпия, жасырын, қолжетімді, тегін, сенім телефоны өз жұмысын мереке күндеріне, тәулік уақытына, күнтізбе күніне қарамастан жүзеге асырады!
2022 жылы кәмелетке толмағандарды алаңдатқан мәселелердің қатарына отбасындағы түсініспеушілік, жалғыздық, стресс, зорлық-зомбылық қаупі кірді. Өтініш білдіргендердің барлығына психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік және басқа да көмек көрсетілді.
Балалар Кез келген жағдайда көмек пен қолдау ала алатынын білуі және есте сақтауы керек, олар әрқашан тыңдалады және естіледі!