2022 жылы қарашада «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында» әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша қорытынды шығарылды. Дүниежүзілік балалар күні қарсаңынында және Қазақстандағы балалар жылы аясында "Балалардың сәні" атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шараға балалармен бірге облыстық әкімшіліктің кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен мұғалімдер қатысты. Балалар ауылында 10-нан астам жоба жүзеге асырылды.
Балалар ауылының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, "БҚО әйелдер Альянсы" төрағасы Людмила Щукина "Кітап оқу уақыты" жобасы аясында кітап қорын толықтырды, "Аялаған Алақан" қайырымдылық қорының директоры Рада Хайрушева тегін шет тілі курстарын ұйымдастырды, "Батыс Қамқор" жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Әділет Берікқалиев және "Интеграл " жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аида Мектепкалиева балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында спорттық іс-шаралар өткізді. "Аманат" партиясының облыстық филиалы "Жастар рухы" жастар қанаты тәрбиеленушілердің көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу ісіне өз үлесін қосты.
Балалар ауылының директоры Разия Суюнчалиева мерекелік шараға келген қонақтарға жобаларға қатысушылардың көпшілігі бірнеше жылдар бойы балаларға қамқорлық көрсетіп, оларды еңбекке баулып, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етіп, сондай-ақ демеушілік көмек көрсететінін атап өтті. Директор өз жобаларын жүзеге асырған үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне алғыс айтып, алғыс хаттар табыс етті. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі облыстық комиссияның балалар ауылына жергілікті меценаттарды, кәсіпкерлерді белсенді тартып, әлеуметтік жобаларын тиімді іске асыру үшін үнемі жұмыс жасайтынын да атап өтті.
"Birgemz Sabagtastyg" әлеуметтік жобасы аясында "LUIL FASHION" балалар киімінің отындық брендін негізін қалаушылардың бірі және шағын грант иегері, сондай-ақ "KAZAKH BRENDS" тігін студиясының негізін қалаушы Лунара Абуллаева тәрбиеленушілерге кесу, тігу және дизайн үлгілерін үйретті. Осы жобада Айнұр Сытдыкова балаларға визаж шеберлігін көрсетті. "Терезе Люкс" ЖК иесі Данияр Мұратұлы, Айгүл Мурзахметова, "Жайық Аманаты" ҚҚ төрағасы Серік Мукашев және БҚО дизайнерлер мен сәнгерлер қауымдастығының дизайнерлері төрағасы Асем Срымова, дизайнерлер Гүлім Беймұханова, Айгүл Бигалиева және Айнагүл Муйтенова кәсіби бағдар беру мақсатында тәрбиеленушілерге пластикалық терезелер жасау, футболкалар мен шопперлерге өз суреттерінің дизайнын қолдану дағдыларын үйретіп, шеберлік және практикалық сабақтар өткізді. Қазіргі әлемдегі жасалып жатқан барлық жобалар балаларды әлеуметтендіруге, олардың құқықтарын іске асыруға бағытталғаны қуантады!