Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабының  3-тармағының 3-тармақшасына  сәйкес, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің тізбесі бойынша облыстық бюджетке дивидендтердің немесе таза кіріс бөлігінің түсімдері төлемдерінің мөлшерін азайту немесе оларды төлеуден босату мәселелерін облыстық бюджет комиссиясының қарауына шығару қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

              Облыс әкімі                                                                  Н. Төреғалиев

Қаулы
Дата публикации
19 декабря 2025