«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына сәйкес Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының жанынан Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобы құрылсын.
Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітілсін.
Төраға: А.Жоламанов
Хатшы: Ж.Нургожин
14 қараша 2025 ж.
№12