Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің 2025 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысының нәтижесі туралы ақпарат

 

2025 жылдын 3 тоқсанында 2 аудит объектісінде – «БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ-де және «Орал қаласы білім беру бөлімінің «Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де аудиторлық іс-шаралар өткізіліп, аудитпен 2 732,9 млн.теңге қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 11,6 млн.теңгені құрайтын қаржылық, 42,6 млн.теңге құрайтын рәсімдік бұзушылықтар анықталды.

Бухгалтерлiк есеп және мемлекеттік сатып алу, атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамаларында көзделген мiндеттердi орындамау фактілері бойынша мәлімет қарау үшін уәкілетті органдарға жолданып, материалдар қарауда.

Аудит объектілерінің 2 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Алғаш рет электронды аудит жүргізу жұмыстары қолға алынды.

Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда.

 

ІАҚ

Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің 2025 жылдың 3 тоқсанында атқарған жұмысының нәтижесі туралы ақпарат
Дата публикации
03 октября 2025