2025 жылдын 2 тоқсанында 3 аудит объектісінде – Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Ақжайық» мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалту орталығы» КММ-де, Орал қаласы білім беру бөлімінің «№50 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де және «Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-да аудиторлық іс-шаралар өткізіліп, аудитпен 2 662,5 млн.теңге қамтылды. Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 879,1 млн.теңгені құрайтын қаржылық, 263,9 млн.теңге құрайтын рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Бухгалтерлiк есеп және мемлекеттік сатып алу, атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамаларында көзделген мiндеттердi орындамау фактілері бойынша мәлімет қарау үшін уәкілетті органдарға жолданып, 2 тұлғаға ӘҚБтК-нің 207-бабы 13-бөлігі, 238-бабы бойынша 285,1 мың теңге айыппұлдар салынды. Қалған мәліметтер бойынша материалдарды қарау жалғасуда.
Аудит объектілерінің 2 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
«Жаңақала аудандық мәдени-демалыс орталығы» МКҚК-да жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы қарау үшін Батыс Қазақстан облыс прокуратурасына жолданды.
Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда. Бухгалтерлік есеп, сәулет және құрылыс қызметі туралы заңнама талаптарының жиі бұзылатын тұстары көрсетілген шолу хаттары әзірленіп, облыстың барлық мемлекеттік органдарына жіберілді.
ІАҚ