2025 жылдын 1 тоқсанында 2 аудит объектілерінде – Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі» МКҚК-да және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Дарын» қосымша білім орталығы» МКҚК-да аудиторлық іс-шаралар өткізіліп, аудитпен 1 028,6 млн.теңге қамтылды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде жалпы 19,2 млн.теңгені құрайтын қаржылық, 264,3 млн.теңге құрайтын процедуралық бұзушылықтар анықталды.
Бухгалтерлiк есеп және мемлекеттік сатып алу, атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамаларында көзделген мiндеттердi орындамау фактілері бойынша мәлімет қарау үшін уәкілетті органдарға жолданып, 2 тұлғаға ӘҚБтК-нің 207-бабы 10-2 және 13-бөлігі, 238-бабы бойынша 294,9 мың теңге айыппұлдар салынды.
Аудит объектілерінің 6 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Ішкі аудит қызметімен жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге тұрақты негізде талдау жасалуда.
Ішкі аудит қызметімен мемлекеттік сатып алуды жоспарлау кезінде жиі кездесетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге талдау, облыстың барлық мемлекеттік органдарына жіберілді.
ІАҚ