Батыс Қазақстан облысының әкімі Н.Т.Төреғалиевтың 2024 ж. Орал қаласы
халқымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу басрысы |
|
1. |
Орал қаласы, Зачаган кентіне жастар үйін салу мәселесін пысықтау |
2024-2026 жж. |
Т.Е.Каюпов, Қ.Е.Меңдығалиев, ҚДБ, ҚБ, Орал қаласының әкімі |
Жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Жобалау ұйымы – "Евро Плюс" ЖШС, құрылысты жүргізетін – "BI Group" ЖШС. БҚО құрылыс басқармасымен қажетті бастапқы деректер бойынша құжаттары ұсынылды. Казіргі таңда жастар үйін салуға арналған жер учаскесі «НурКапСтрой» ЖШС тиесілі болуына орай, жерді рәсімдеу мәселесі қарастырылуда. |
|
2. |
Орал қаласы, Зачаган кентіне емхана салу мәселесін пысықтау
|
2025-2026 жж. |
Т.Е.Каюпов, Б.Х. Нарымбетов, ДСБ, ҚБ, Орал қаласының әкімі |
БҚО құрылыс басқармасымен емхана нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталып( жобалаушы "City Engineering" ЖШС), қазіргі таңда ведомстводан тыс кешенді сараптамасы жүргізілуде. Сараптама қорытындысын алу 2025 жылғы наурыз айына жоспарланған. |
|
3. |
Орал қаласы, Жұлдыз шағын ауданына мектеп салу мәселесін қарастыру |
2024-2025 жж. |
Т.Е.Каюпов, Қ.Е.Меңдығалиев, ББ, ҚБ, Орал қаласының әкімі |
Бүгінгі таңда БҚО білім басқармасымен Жеңіс ш/а 2000 орындық мектептің құрылысын мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асыру үшін қажетті құжаттырды рәсімдеу бойынша жұмыстар жүргізуде. |
|
4. |
Су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға салынған тұрғын үйлердің орналасқан жерлерін ескере отырып және «Ақжайық» шағын ауданына жаңа маршруттар ашу немесе қолданыстағы қоғамдық көліктердің қозғалысына өзгеріс енгізу бойынша ұсыныс енгізу |
2024-2025 жж. |
Т.Е.Каюпов, Орал қаласының әкімі |
Қазіргі уақытта, су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға салынған тұрғын үйлер мен «Ақжайық» шағын ауданындағы көп қабатты үйлерге қоныс аударатын тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында, аялдау пункттері, олардың ара қашықтықтары қарастырылып, жаңадан маршрут схемасы жасақталуда. Сондай ақ, аталған бағыттарға жаңа маршрут ашу немесе қолданыстағы қоғамдық көліктердің қозғалысына өзгеріс енгізу бойынша тасымалдаушылармен келіссөздер жүргізілуде. |