Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Төреғалиевтың 2024 ж. Бөрлі ауданы халқымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ
|
№ р/с |
Іс-шараның атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу барысы |
|
1. |
Подстепное-Илек (0-36 км, 108-144 км) Республикалық тас жолының айналма жолын күтіп ұстау (тегістеу, шаңды басу және т.б.) жұмыстарын уақытылы атқару және бақылауда ұстау үшін
|
2024 жылдың соңына дейін |
Т. Каюпов «Казавтожол» АҚ «Казкомсервис» ЖШС «ДСК Приоритет» ЖШС Теректі ауданының әкімдігі Бөрлі ауданының әкімдігі |
|
|
2. |
Подстепное-Илек тас жолының 36-72 км, 72-108 км учаскелерін қайта жаңғырту жұмысының басталуын қамтамасыз ету |
2024 |
Т. Каюпов ЖКжАЖБ КПО б.в. Теректі ауданының әкімдігі Бөрлі ауданының әкімдігі |
Подстепное-Илек тас жолының 36-72 км, 72-108 км учаскелерін қайта жаңғырту жұмысына мердігерлер анықталды. 36-72 км «Адал Арна» ЖШС, 72-108 км «ДСК Приоритет»ЖШС |
|
3. |
Ақсай қаласының Қызылтал шағынауданына жүретін №6 жолаушылар тасымалдау көлігін жаңарту |
2024 |
Бөрлі ауданының әкімдігі |
Орындалды Жолаушылар тасымалдаушы мердігер ауысты және №6 жолаушылар тасымалдау көлігі толықтай жаңартылды. |
|
4. |
Барлық ақпараттық құралдарды қолдана отырып интернет-алаяқтық азайту мақсатында тұрғындардың сауаттылығын арттыру бойынша тиісті шараларды ұйымдастыру |
үнемі |
Б. Нарымбетов Бөрлі ауданының әкімдігі |
Бөрлі ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы жергілікті атқару органдарымен бірлесе отыра профилактилық жұмыстар, яғни дүкендерде, сауда үйлерінде, базарларда, және басқа да халық көп шоғырланатын жерлерде ұдайы түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, тұрғындарға арнайы түсіндірме брошуралары таратылды. Аудан әкімшілігі қызметкерлерімен – 361 тұлғаға, аурухана қызметкерлері – 410 тұлға, ауылдық округтердің әкімдері, ауданның дербес бөлімдердің басшылары, квазимемлекеттік сектор субьектілері және білім беру қызметкерлері арасында – 939 тұлғаға профилактикалық шаралар атқарылып, жалпы саны 70-тен аса жиналыстар өткізілді. Бөрлі АПб-ның Instagram әлеуметтік желісінің «police_burlin» парақшасына профилактикалық 476 бейнежазылым және 500-ден астам сторис жарияланды. Аталған жұмыс әрі қарай жалғасуда. |
|
5. |
Амангелді-Жарсуат (28-54 км) аудандық маңызы бар жолының орташа жөндеу жобасын КПО б.в. қаражаты есебінен әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалар аясында 2025 жылы жүзеге асыруға арналған жобалар тізбесіне енгізу бойынша тиісті шаралар қабылдасын |
2025 |
Т. Каюпов ҚБ Бөрлі ауданының әкімдігі |
Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы KLBR-2 Амангелді-Жарсуат автомобиль жолы Подстепное-Теректі-РФ шекарасы айналма жолынан Жаңаталап кентіне дейінгі учаскесіне 16,8 шқ. (нақты ұзындығы 14,310 шқ.) орташа жөндеуге мердігерді анықтауға ашық конкурс әдісімен мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. |
ЖКжАЖБ – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
ПД –Полиция департаменті