Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Төреғалиевтың 2024 ж. Бәйтерек ауданы халқымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

 

Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Төреғалиевтың 2024 ж. Бәйтерек ауданы халқымен кездесуі барысында берілген тапсырмаларды іске асыру бойынша ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ

 

№

р/с

Іс-шараның атауы

Орындау

мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.

Байқоныс, Володар, Новенький ауылдарында электр желілерін ауыстыру

2025-2026

Б.Нарымбетов

ЭТҮКШБ

ҚБ

АЭЖК

Бәйтерек ауданы әкімдігі

«БҚО Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында ЭБЖ ВЛ-35кВ және /трансформаторлық қосалқы станция/ КС 35кВ құрылысы» жобалық-сметалық құжаттамасы жеке жоба ретінде әзірленді, жобалаушы «Күмбез» ЖШС. Құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс өтті, мердігер «Меллон» ЖШС.

 «БҚО Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында ӘЖ-10кВ, ӘЖ-0.4 кВ ЭБЖ салу және реконструкциялау» жобалық-сметалық құжаттамасы жеке жоба ретінде әзірленді, жобалаушы «Күмбез» ЖШС. Қаржыландыру кезінде жобаның құрылысы басталады.

Володар, Новенький ауылдарында электр желілерін ауыстыруға ЖСҚ бүгінгі күнге жоқ.

2024 жылы Новенький ауылына кіреберіс 190 элекр бағана және 9 шақырым 10 кВ электр желісі ауыстырылды және ауылішілік 25 дана әлектр бағана мен 0,4 кВ электр желісі ішінара ауыстырылды. Бұл жұмыстар биылғы жылы көктем, жазғы мезгілінде жалғастыру жоспарланып отыр.

2.

Макаров ауылдық округінің Мирный, Жалын ауылдарына жол салу

2025-2026

Т. Каюпов

ҚБ

ЖКжАЖБ

Бәйтерек ауданы әкімдігі

Бүгінгі таңда  №SBEX-0123/24  08.11.2024 ж. мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысымен жалпы ұзындығы 8,5 шқ болатын «БҚО, Бәйтерек ауданы, Макаров ауылдық округінің Мирный және Жалын ауылдарына кіреберіс автомобиль жолдарын күрделі жөндеу» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Бәйтерек ауданының ауылдық аумақтарын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған Жол картасына» енгізілді. Қазіргі таңда қаржыландыруға бюджеттік өтінім берілді.

3.

Байқоныс ауылдық округі Володар, Жайық ауылдарына клуб салу

2025

Т. Каюпов

ҚұрБ

ҚБ

Бәйтерек ауданы әкімдігі

Байқоныс ауылдық округі Володар ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізу  үшін жобалық сметалық құжаттамасы (ЖСҚ) дайындалды.

Жобалық-сметалық құжаттама (ЖСҚ)- 01.11.2021 жылы №ЕСом-0121/21. (ЖСҚ мерзімінің өтуіне байланысты түзетулерді қажет етеді).

Сонымен қатар, 2025 жылға Жайық ауылына спорт зал мен кітапханасы бірге қарастырылған ауылдық клуб салу жоспарға енгізілді. Алдағы уақытта ауылдық клуб ғимараты құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау жұмыстары жүргізілетін болады.

4.

Новенький ауылындағы мектепті күрделі жөндеуден өткізу

 

2025

Қ.Меңдіғалиев

ҚБ

ББ

Бәйтерек ауданы әкімдігі

2024 жылғы 13 ақпандағы № SBEX-0022/24 ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысымен «Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Байқоныс ауылдық округі Новенький ауылындағы орта мектепті қайта құру және оқу корпусын кеңейту (түзету)» жұмыс жобасы әзірленді. Құрылыс одан әрі қаржыландыру кезінде басталады.

 

ЖКжАЖБ – Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

ПД –Полиция департаменті

ҚБ - Қаржы басқармасы

 

Дата публикации
31 января 2025